Зырян ауданында екі адам құдықтағы газға уланып қалды

546
көрілім
Фотосурет - inform.kz сайтынан.

Зырян ауданының құтқарушылары құдықтағы газға уланып қалған екі ер адамды аман алып қалды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оқыс оқиға Зырян ауданының Греховка ауылында тіркелген. Коммуналдық қызметтің екі жұмысшысы құдықта жөндеу жұмыстарын жүргізген. Суды ағызып жіберу үшін 42 және 36 жастағы екі жұмысшы мотосорғыны қосқан.

«Үш метр тереңдікте жер асты пайдаланылған газбен толып кететінін екеуі ескермей қалса керек. Жұмысшылардың бірі құдыққа түсіп, бірден есінен танып қалған. Әріптесін құтқармақ болып екіншісі де төменге түсіп, ол да қозғала алмай қалған. Кәсіпорын қызметкерлеріне құтқарушыларға хабар беруге тура келді», — деп хабарлайды ведомстводан.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар «Драгер» аппараты арқылы құдыққа түсіп, арқанмен жұмысшылардың екеуін сыртқа алып шыққан. Уақтылы медициналық көмектің арқасында екі жұмысшы құтқарылды.

«Жедел жәрдем қызметін күтпестен құтқарушылар зардап шеккен адамдарды ауруханаға дейін жеткізді. Қазірге дейін белгілі болып отырғандай, ер адамдардың бірі есін жиып, ортақ палатаға орналастырылған», — деп хабарлайды ШҚО ТЖД баспасөз қызметінен.