Зырян ауданында туған бауырын өлтірген ер адам 8 жылға сотталды

574
көрілім

Зырян қаласының тұрғыны туған бауырымен арақ ішіп отырып, сөзге келмей қалады. Жанжал барысында ашуға булыққан ол қолына пышақ алып, бауырының жүрек тұсына қарай соққы жасаған, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Оқиға 2017 жылдың шілде айының аяғында орын алған. Тентек судан ұрттап алған ағайындылардың дауы жұдырықтасуға ұласады. Қолына пышақ алған еркек бауырының жүрегіне соққы жасаған. Ауыр дене жарақатын алған жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды.

ШҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты айыпталушы 8 жылға бас бостандығынан айыруға үкім етті. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекесінде өтеуге міндеттелді. Сонымен қатар, сотталушы түзеу мекемесінде мәжбүрлі түрде маскүнемдіктен емделетін болады.

Апелляциялық сот алқасы сот үкімін заңды күшінде қалдырды.