Зырян қаласында ер адам туған бауырын пышақтап тастады

631
көрілім
Шартты фотосурет.

Зырян қаласының тұрғыны інісі екеуі арақ ішіп отырып, сөзге келіспей қалады. Жанжал барысында ашуға булыққан ол қолына пышақ алып, туған бауырының жүрек тұсына соққы жасаған, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Оқиға 2017 жылдың шілде айының соңында орын алған. Тентек судан ұрттап алған ағайындылардың дауы жұдырықтасуға ұласады. Қолына пышақ алған еркек бауырының жүрегіне соққы жасаған. Ауыр дене жарақатын алған жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды.

ШҚО Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты айыпталушыны 8 жылға бас бостандығынан айыруға үкім етті. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеуге міндеттелді. Сонымен қатар, сотталушы түзеу мекемесінде мәжбүрлі түрде маскүнемдіктен емделетін болады. Апелляциялық сот алқасы сот үкімін заңды күшінде қалдырды.